Қарағандыда ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы Балапан аэродромында жаттығу кезінде ұшақ құлады.
«Бүгін сағат 16.25-те Балапан аэродромында (Қарағанды) FK14 Полярис жеңіл авиациясының әуе кемесі жаттығу үшін ұшып, қонайын деп жатқанда апат болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда 2 адам қайтыс болған. Әуе апатына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуе апаттарын тергеу жөніндегі басқармасы тергеуді бастайды. Қайтыс болған ұшқыштың бірі - Аукешев жеке ұшағының ұшқышы инструктор Артемов», - делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сал ауруы. Қасыңнан өтіп жатқан өмір
Өзгелердің жаңалығы