30 Маусым 2023 2023, 20:14

Қарағанды – Теміртау бағытына жаңа автобустар шықты

Қарағанды облысында жолаушылар көліктерін жаңарту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында жолаушылар көліктерін жаңарту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№107 Қарағанды – Теміртау қалааралық бағытта қызмет көрсету үшін Yutong маркалы 8 жаңа автобус сатып алынды. Олардың барлығы маршрутқа шықты.

№ 107 маршрут бойынша екі тасымалдаушы қызмет көрсетеді – № 3 және 5 автопарктер. Бұл бағытта барлығы 16 автобус қатынайды. Олардың барлығы жаңартылды. № 5 автопарк маусым айында жергілікті өндіруші QazTehna зауытында жасалған 8 жаңа жайлы автобус сатып алды, – деп хабарлады облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.

Автобустардың салоны ауаны желдету жүйесімен жабдықталған. Басқармада автобустар паркін жаңарту әлі де жалғасады деп мәлімдеді.