«Қарағанды –Теміртау» автожолын жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы жолшылар ұзындығы 15 км «Қарағанды –Теміртау» автожолының 1444-1457 км учаскесін аяқтауы тиіс. Бас мердігер – «СейСер» ЖШС. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазір нысанда қиыршық-құм-цемент қоспасынан жасалған негізгі қабатты орнату, су өткізу құбырларын монтаждау және жер төсемін салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мамандар жолдың сол жағын кеңейту үшін цемент-бетон жабындысын төсеуге кірісті», - делінген таратылған хабарламада.


«Қарағанды – Теміртау» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын осы жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы