4 Ақпан 2025 2025, 22:49
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қарағанды құтқарушылары қар құрсауында қалғандарға көмекке келді
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалғандарға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалғандарға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы Машақ ауылынан 25 шақырым жерде «Ақтоғай-Нұркен-Ақжал» автожолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
ТЖМ қызметкерлері көліктен 2 адамды Машақ ауылына эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.