14 Қаңтар 2024, 13:25
Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылды
Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыз!
- бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіз!
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!