22 Қараша 2026, 09:23 Фото: istockphoto.com

Қарағанды орталығында төрт көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Жол апатынан Lada Priora және Chery көліктерінің жүргізушілері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қарағандыда төрт көлік соқтығысып, екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

21 қараша күні сағат 16:04 шамасында Қарағандыдағы Бұқар жырау даңғылында жол апаты болған. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Lada Priora, Chery, Kia Optima және Chevrolet Aveo маркалы төрт жеңіл көлік қатысқан.

Апат салдарынан Lada Priora және Chery көліктерінің жүргізушілері жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.