Қарағанды облысының жолдарында алғашқы жедел жәрдем көлігі пайда болды

Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа реанимобиль Шет ауданының автожолдарында пайдаланылады және жол-көлік оқиғалары мен жолдағы басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған.

Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған және зардап шеккендерге оқиға орнында жедел және реанимациялық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандырып, кейіннен жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық ұйымдарға тапсыруға арналған, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Сонымен қатар, жол бойында орналасқан трассалық медицина-құтқару пунктіне кез келген жолаушылар мен жүргізушілер мен жолаушылар да көмек ала алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы