Қарағанды облысының полицейлері есірткі өсірген тұрғынды анықтады

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтады.

30 маусым күні оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпаратты растады. 62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі. Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы