Қарағанды облысының өрт сөндірушілері әйел адамды құтқарды
Бүгін облыс орталығының «Восток-3» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінің ас бөлмесінде қосылып тұрған электр плитаның қараусыз қалғаны себебінен орамал тұтанып, соның салдарынан үйді түтін алып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары кезінде ес-түссіз күйде жатқан пәтер иесін тауып, оны қауіпсіз жерге апарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Сондай-ақ, ТЖМ қызметкерлерінің келгенге дейін үй тұрғындары пәтерден 4 баланы шығарды. Олар зардап шеккен жоқ. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін назардан тыс қалдырмауға шақырады!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыста жел күшейіп, көктайғақ болады
Өзгелердің жаңалығы