Қарағанды облысының әкімі сөгістен кейін сыйақыдан қағыла ма?

Бұл сұраққа облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Президент сізге жылу мәселесіне қатысты сөгіс жариялаған еді. Қандай да бір сыйақыдан қағылуыңыз мүмкін бе?" деп журналистер сауал қойды.

Қазір күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта мұндай оқиға қайталанбауы үшін барымызды саламыз. Қолымыздан келгенше барлық жұмысты істеп жатырмыз. Мен бұл лауазымда жұмыс істегелі бірде-бір сыйақы алған емеспін, - деді облыс әкімі.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берген еді. Сонымен қатар, Саран қаласының әкімі жылыту маусымындағы олқылықтар үшін қызметінен босатылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы