Қарағанды облысының әкімі өңірдегі медицинаға көңілі тола ма?
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің медицинасына көңілі тола ма?, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Қарағанды облысының әкіміне осындай сұрақ қойылды.
Медициналық салада, әрине, мәселелер бар. Оның ішінде кадр мәселесі туралы айттым. Биыл оған да көңіл бөліп, 1,5 млн-нан бастап, 5 млн-ға дейін қаражат бөлдік. Яғни, дәрігерлерге үстемақыны беріп жатырмыз. Екіншіден, екі жылда шалғай ауылдарда 92 нысан салынады. Теміртау мен Балқаш қаласында орталықтандырылған аурухана бой көтереді, ол жерде жаңа технологиямен және жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл шалғай ауылдардан келетін азаматтар үшін тиімді болмақ, - деді өңір әкімі.
Сонымен қатар Бөлекпаев көп жылдан бері шешілмей келе жатқан «Облыстық балалар ауруханасының» бірінші маусымда ашылатынын айтты. Ол бүкіл күшті медицина саласына салып жатқанын атап өтті.