Қарағанды облысының әкімі кәсіпорындағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Өңір басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнындағы қайғылы жағдайға қатысты айтты.
Нақты оқиғаға келер болсақ, былтыр Өндірістік қауіпсіздік департаменті ғимаратқа тексеріс жүргізді. Оны жұмыс мақсатында қолданбау туралы ұйғарым шығарылды. Қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін сақтау кезінде жөндеу жұмыстарын ғана жүргізуге болатын. «АрселорМиттал Теміртау»-дың еншілес компаниясы – «Құрылысмет» жасаған жөндеу осы қайғылы оқиғаға алып келді, - деп атап өтті өңір басшысы.
Айтуынша, бүгін қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау мен сапаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.
«АрселорМитталдың» екі қызметкері, соның ішінде осы еншілес компанияның басшылары қамауға алынды. Осы мәселе бойынша біз әр екі апта сайын немесе айына бір рет брифинг өткізіп, өзекті ақпараттармен бөлісіп отыруға дайынмын, - деді Жеңіс Қасымбек.