Қарағанды облысындағы жастар жұмыссыздығы мәселесін қалай шешіліп жатыр

Биыл Қарағанды облысында 10 мың жас маманға жұмыс табуға көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейбіреулер "Жастар практикасы" жобасын, ал тағы басқалары "Алғашқы жұмыс орнын" пайдаланды. Ал кейбіреулері өз ісін ашты. Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға жастарға 254 грант берілді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер 1,2 млн теңгеден алды. Бюджеттен тағы 292 млн теңге қалалар мен аудандар әкімдерінің гранттарына қарастырылған.

29 жастан аспаған жұмыс тәжірибесі жоқ облыс тұрғындары, соның ішінде NEET-жастар "Жастар практикасы" және "Алғашқы жұмыс орны" жобаларына қатыса алады. Биылғы жылы өту мерзімі де, жалақысы да ұлғайды. Сондай-ақ, өңірде "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы жұмыс істейді – жұмыс берушідерге зейнеткерлікке шыққан қызметкерді ауыстыратын жастар жіберіледі.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма NEET-жастарды жұмысқа орналастырудың ерекше әдісін де енгізді. Өңірдің ресурстық орталықтарымен бірлесіп автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жұмыссыз жастардың тізімі жасалды. Аулаларды аралау басталды, жұмыс бағытты түрде жүріп жатыр.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студенттері үшін облыстың ірі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өтеді.

Жастар бос жұмыс орындары және еңбек жағдайларымен таныстырылады.

Жыл сайын "Жасыл ел" еңбек жасағына кіруге ниет білдірушілер саны артып келеді. Биыл 1715 адам жұмысқа орналастырылды, оның 39%-ы әлеуметтік осал жасөспірімдер. Жаңартылған еңбекақы төлеу моделі жасылелдіктерге жазғы кезеңде айына 60-тан 90 мың теңгеге дейін ақша табуға мүмкіндік берді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы