Қарағанды облысындағы тас жолда жеті адам қаза тапты

Қарағанды облысындағы тас жолда жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 қарашада сағат 10:00 шамасында Алматы - Екатеринбург автожолында Toyota Alphard автомашинасының жүргізушісі көктайғақтан рульді басқара алмай, омбы қарға кіріп кеткен.

Апат салдарынан жүргізуші мен оның алты жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында қаза болды. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы