18 Қазан 2024 2024, 11:18
Фото: -архив
Қарағанды облысындағы шахтада үш кенші жарақат алды
Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде үш кенші жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде үш кенші жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңалық жергілікті БАҚ-та жарияланды.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.
Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.