Қарағанды облысындағы өрт сөндірілді
Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері Қарағанды облысындағы табиғи өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымды аумағына қарамастан, құтқарушылар өрттің 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына таралуына жол бермей, қорғап қалды.
Сондай-ақ, ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы ауданындағы жылқы шаруашылығының орман қорының аумағына таралуына жол бермеді.
Дала өртінің ауданы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы