Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай орын алды
Құтқарушылар 70 кеншіні шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде 54-ші пикет ауданындағы Д6 170 м горизонт орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізілді.
Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Qarmet басшылығы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы