Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатыр

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркелді. Аталған дерттен екі жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы аумақтық инспекциясының мамандары Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпидемия тіркелгенін ресми растады. Жылқылар арасындағы дертті екі жыл бұрын Үміткер ауылдық округінің мамандары анықтаған. Жұқпалы мал ауруы ауданның тағы екі ауылында тіркелген.

Карантиндік аймақта Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық ауруларға қарсы республикалық жасағының мамандары жұмыс істеуде. Олардың міндеті – бес күнде бір рет ірі жылқы үйірлерін айналып өтіп, клиникалық расталған ауруы бар жануарларды оқшаулау. Әр он бес күн сайын ат қораларда дезинфекция жасау. Біз бұл жұмыстардың барысын бақылап отырмыз, – деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Дархан Иманбаев.

Төрткөл ауылының тұрғыны Мәдениет Жұмаділдәнің 20 бас малы қырылып қалған. Сонымен қатар, фермер жылқыларын емдеуге де қыруар қаражат жұмсағанын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы