Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен 16 машина соқтығысты
Қарағанды облысында Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Теміртау тасжолында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан зардап шеккен екі адам Теміртау ауруханасына жатқызылды, – деді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі автобуста үш адам болғанын айтты.
Сондай-ақ полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райы нашарлайтын жағдайда ұзақ сапарға шықпауға шақырды.
Ведомствоның мәліметінше, ірі апаттан кейін жолдың бір бөлігі жабылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райы: 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы