Кеше 2026, 23:48 Фото: Қазавтожол

Қарағанды облысында жол жабылды

Жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 25 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 1066 — 1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті — Павлодар облысының шекарасы); 

- "Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара" автожолының 231 — 324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті). 

Жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.