15 Тамыз 2023 2023, 15:36
Фото: Polisia.kz
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сондай-ақ 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.