Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза болды
Қарағанды облысы "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
8 маусым сағат 22.23 шамасында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында "Ауди", "Шевроле Кобальт" және "Тойота Превиа" үш автокөлігі соқтығысқан.
Жол апатынан 4 жолаушы мен 22 жастағы "Шевроле Кобальт" автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды. "Ауди" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және "Тойота Превиа" автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, - дейді ведомство.
Қылмыстық іс қозғалып, сараптама жасалып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аптап ыстық: 16 өңірде ескерту жасалды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы