Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды
Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитетімен 2024 жылға межеленген пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген 130 000,0 га жерді қайтару жөніндегі жоспар 23,9%-ға артығымен орындалды.
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жер пайдаланушылар 11,5 мың гектар жерді игеруге кірісті, заңсыз берілген 4 050 га жердің жалдау шартының күші жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың гектар жер мәжбүрлеп алынып , 6 335 га бойынша істер сотта қаралуда. Сонымен қатар, облыс бойынша қайтарылған жерлердің 94,3 мың гектары ерікті түрде бас тарту жолымен, ал 46,7 мың гектары жалдау шартының мерзімі өту себебімен қайтарылды.