Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан екі мотоциклист қаза тапты
Ағадырда болған апатта бір адам жарақат алды, екі жүргізуші де дулығасыз болған.
Қарағанды облысында екі мотоциклист жол апатынан көз жұмды. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудан болған.
Қарағанды облысында болған ауыр жол апаты екі мотоциклистің өмірін қиды. Тағы бір адам зардап шекті.
Оқиға Қарағандыдан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Ағадыр кентінің орталығында болған. Мотоциклистер бір бағытта келе жатқан. Бір сәтте 17 жастағы жүргізуші әкесін отырғызып, озу үшін қарсы жолаққа шығып кеткен. Алайда алдынан көлік келе жатқанын байқап, өз жолағына қайта оралмақ болған. Сол кезде соқтығыс орын алған.
Екінші мотоциклді 37 жастағы ер адам басқарған. Екі жүргізуші де қорғаныс дулығасын кимеген, оқиға орнында көз жұмды. Жасөспірімнің әкесін дәрігерлер қарап, үйіне жіберген.
Ағадырда мотоцикл – ең кең таралған көлік түрлерінің бірі. Онымен ересектер де, жасөспірімдер де қатынайды. Түнгі жол апатынан кейін полицейлер бұл бағыттағы бақылауды күшейтетінін айтты.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. – деп ескертті Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Саулембаев.
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54