30 Қыркүйек 2023 2023, 11:08
Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.