10 Қаңтар 2025 2025, 15:49
Фото: архив
Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен газ баллонын шығарды
Бүгін Саран қаласында бес қабатты тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Саран қаласында бес қабатты тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарылыстың алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер пәтерден газ баллонын шығарып, 10 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, себебі анықталуда.