Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзу бойынша 447 дерек анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді.
Өңірдің елді мекендерінде шығу және кіру жолдарында блок-бекеттер ұйымдастырылған.
ТЖ режимін жариялау кезеңінде полиция қызметкерлері 447 тәртіп бұзушылықты анықтады. Әкімшілік қамауға 31 бұзушы тартылды. Тыйым салынған 17 зат, оның ішінде 9 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды.
Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай режимін түсінгені үшін алғыс айтып, барлық талаптарды сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы