28 Мамыр 2024 2024, 22:48 Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында трассада жолаушылар автобусы өртенді

Қарағанды облысында трассада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында трассада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 27 шақырымында болған.

Жолаушылар автобусының мотор бөлшегінің жануы орын алды. Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздіктерінен шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада. 

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.