Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланады

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауылды жел соқты. Құтқарушылар ауа райының салдарын жоюды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

18–19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттардың шатырлары мен қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіріліп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабарлама келіп түсті, – деді Мұрат Қатпанов.

Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды. ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы