Қарағанды облысында тіркеуде жоқ тапанша мен қарасора алқабы анықталды

Қарағанды облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында тіркеуде жоқ тапанша мен қарасора алқабын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні Оскаров аудандық полиция бөлімінің криминалдық және жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қызметкерлерімен “Қару” және “Учаске” жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен Осакаров кентіндегі мекемелердің біріндегі бухгалтерлер отыратын кабинеттегі сейфтен ешқандай құжаты жоқ газды тапанша тәркіленді.

Қаруды қарау барысында тәртіп сақшылары тапаншаға механикалық өзгерістер енгізілгенін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сол күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында кенттің 58 жастағы тұрғынының ауласында заңсыз өсіріп жатқан қарасора алқабын анықтады.

Азаматтың ауласындағы бақшадан тәртіп сақшылары 18 түп қарасора тәркіледі. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

 Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Есірткі қылмысымен күрес ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта қылмысты болдырмау үшін полиция қызметкерлері алдымен алдын алу, ескерту жұмыстарымен, сондай-ақ жастарды есірткіден бойларын аулақ қылып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттаумен айналысып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Адилов.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы