Қарағанды облысында тазылар жарысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шашубай кентінде тазылар жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Иттер 5 шақырымға жүгірді. Додаға еліміздің 5 облысынан 50-ден астам тазы әкелген. Қазір әлемде 400-ден астам иттің түрі бар екен. Соның ішіндегі ең жүйрігі, ең иісшілі – қазақтың құмай тазысы. Оны енді халықаралық дәрежеде мойындату үшін дәйекті дәлел керек. Яғни, халықаралық кинологиялық ұйымға елімізде 1 мыңнан астам құмай тазының бар екенін растайтын құжат тапсыру қажет.

Қазақтың құмай тазысы жойылып бара жатыр, жоғарыда отырған азаматтарға сол сөзіміз жетпегеннен кейін, қазақтың тазысы деген бір жапырақ қағазы болмағаннан кейін осындай іс-әрекеттерге барып, халыққа ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді көрсетіп отырмыз. Халқымыздың басын қосып, осындай жарыстарды артымыздағы ұрпақтарға қалдырып, көріп, біліп, бүркітін де, тазысын да біле жүрсін деген ойымыз. Соны іске асырып отырмыз, – дейді Құрмаш Нұрпейісов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы