12 Тамыз 2026, 08:11 Фото: Скриншот

Қарағанды облысында  тауда адасып қалған ерлі-зайыпты аман-есен табылды

Мамандар оларды қауіпсіз жерге жеткізді.

Қарағанды облысында таулы аймақта адасып кеткен екі адам құтқарылды.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында таулы аймақта жоғалған ерлі-зайыптыларды іздеу жұмыстары жүргізілді.

Белгілі болғандай, олар күндіз саңырауқұлақ теру үшін Комиссаровка шатқалынан Үштау тауына қарай барған. Алайда кейін ерлі-зайыптылармен байланыс үзілген. Олардың жоғалғаны туралы құтқарушыларға немерелері хабарлаған.

ТЖМ-нің іздестіру тобы ерлі-зайыптыларды Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым қашықтықтағы Қаратока кордоны маңынан тапты.

Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған. Мамандар оларды қауіпсіз жерге жеткізді.