Қарағанды облысында тәркіленген 200 келіден астам есірткі жойылды
Қарағанды облысында есірткі тасымалдаушылардан тәркіленген 200 келіден астам есірткі жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында есірткі тасымалдаушылардан тәркіленген 200 келіден астам есірткі жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен Алматы – Екатеринбург тасжолының бойында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен 37 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылған.
Көлікте 40 жастағы жолаушы болған. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері ұнтақ тәрізді заттары бар пакет және 11 пакет ерігіш заттарды тәркілеген болатын.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 100 келі гашиш және 125 келі марихуана есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ұсталған азаматтарға қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Тәркіленген есірткі заттарының үлгілері іріктеп алынған соң тәртіп сақшылары өртеп жіберді.
- Семейде әйел көпірден секіріп кетті 12:40
- Қазақстанда әрбір екінші ересек артық салмақтан зардап шегеді 12:30
- "168 бала қаза тапты": Иран АҚШ-ты айыптады 12:18
- Таразда жеті қыз жабылып, 9-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан 11:58
- Теміртауда 185 млн теңгенің криптовалютасын өндірген азаматқа үкім шықты 11:48
- Астанада мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы басталды 11:25
- ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 18 шетелдік анықталды 11:16