Ерлан Қошанов облыстағы сыртқы жарнаманы реттеуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды таза және тартымды болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста мәлімделді.

Аймақ басшысы облыс орталығында қоқыс жәшіктері мен қоқыс контейнерлері жетіспейтінін атап өтті. Бұл - қала көшелерінің ластануы себептерінің бірі болып саналады.

"Мен сіздердің назарларыңызды қоқыс жәшіктері барлық дерлік жерлерде тұрмағанына аударғым келеді. Бар жерлердің өзінде ондағы қоқысты жинап алып кету барысында шашылып-төгіледі. Соның салдарынан аулаларда пакеттер ұшып жүреді. Осыдан біздің санитарлық жағдайымыз неге осындай деген сұраққа жауап аласыздар", - деп атап өтті Ерлан Қошанов. 

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, 600 жаңа жәшікке тапсырыс берілген, жақын арада олар қала көшелерінде орнатылады.

Өңір басшысы сондай-ақ облыс орталығының сыртқы келбетіне жауап беретін сәулетшілер мен суретшілерді сынға алды. Себебі көшелерде тозығы жеткен банерлер мен әлеуметтік жарнама жазылған ескі билбордтар жетіп-артылады. 

"Бақылау жоқ. Дүкендер сатып алушыларды тарту үшін маңдайшаларды бір-біріне бекіте береді. ПИК иелері табыс қуамыз деп үйлердің қасбетіне банерлерді отрнатуға рұқсат бере береді. Нәтижесінде қала тұрғындарының ашуын және қала қонақтарының түсінбеушілігін тудыратын ұсқынсыздықты көріп отырмыз. Барлығын ретке келтіріңіздер!", - деп талап етті аймақ басшысы. 

Е. Қошанов биылғы жылдың 11 сәуірінен бастап Жарнама туралы жаңа заң күшіне енетінін еске салды. Осы құжатқа сәйкес, жаяу жүргіншілер мен көлік жолдарына шығатын барлық сөрелерге салық салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы