Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар елді мекендер анықталды

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Катпанов және ТЖД жедел тобы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында Бұқар жырау, Абай, Шет аудандары мен Қарағанды қаласының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы келу пункті Қарағанды қаласының Рабочий кенті болды. 2022 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде осы кентте қорғаныш білігі тұрғызылып, ұзындығы 7,2 км Солонка өзеніне санация жүргізілді.

Содан кейін Бұқар жырау ауданында Көкпекті, Байқадам, Жастлек, Ботақара елді мекендері қаралды. Шет ауданында-Айғыржал, Ақбастау, Пикет, Қайрақты, Біррек, Батық, Красная поляна, Нұраталды, Шопа, Аққияқ, Қызылқой, Бурма, Ақсу - Аюлы ауылдары, Абай ауданында-Абай қаласы және Тасзайымка ауылы.

 Айналып өту бағыты бойынша жолдардағы су өткізу құрылыстары, елді мекендерден қар шығару, каналдар мен траншеяларды кесу, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, автоматты тасқын су төгетін арналарды тазарту жұмыстары қаралды.   

Аралау қорытындысы бойынша ТЖ департаментінің бастығы қарды тазарту және шығару, ГТҚ-дан автоматты су төгінділерін тазарту, су тасқыны қауіпті учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауға тапсырма берді. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда, - делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы