Кеше 2026, 23:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Қарағанды облысында құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Өрт кезінде 8 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Қарағанды облысының Новодолинский кентінде жеке тұрғын үй мен оған жапсарлас салынған үш шаруашылық құрылыста өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, келген сәтте тұрғын үй ішінде ағаш конструкциялар, жиһаз және тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ шаруашылық құрылыстарының бірінің жабындысы 15 шаршы метр аумақта опырылған.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жоғары қауіп пен қою түтінге қарамастан, жанып жатқан аумақтан көлемі 27 литр болатын 8 газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.