Қарағанды облысында қайғылы апат: Мотоцикл соқтығысында жасөспірім мен ер адам қаза тапты
Қарағанды облысында мотоциклдер қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім.
Қарағанды облысының Ақадыр кентінде екі мотоцикл соқтығысып, екі адам қаза тапты. Құрбандардың бірі – 17 жастағы жасөспірім. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 16 сәуір күні кешке Ақадыр кентінде болған. Бір бағытта келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші – 37 жастағы ер адам мен 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Павлодарда түнгі уақытта мас күйде көлік айдаған жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша оның орта дәрежеде мас болғаны анықталған.
- Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 23:15
- Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады 22:44
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17