Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 53 жолаушы құтқарылды
Қарағандылық құтқарушылар жолда қалған 53 жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
"Алматы-Екатеринбург" тас жолының бойында Сарышаған елді мекенінен 5 шақырым жерде автобус сынып қалған. Ондағы жолаушылардың барлығы Өзбекстан республикасының азаматтары.
Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген. Жолаушылар жақын маңдағы жылы жерге жеткізілді. Өңірде соңғы үш күнде аяз күшейді. Ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеді.
Осы уақыт дейін ондай мәселе болған жоқ. Жалпы негізі жолдар жабылған уақытта жол бекеттерінде тұрып қалған көліктерге, жолаушыларға әрине көмек көрсетіліп отырды. Бірақ дәл осындай жағдай биылғы жылы бірінші рет орын алып отыр, - деді Қарағанды облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Өзгелердің жаңалығы