Қарағанды облысында 28 жыл еңбек еткен теміржолшыны пойыз қағып кетті
Ер адам шұғыл тежегіш басылғанына қарамастан қаза тапты.
Жаңа-Қарағанды станциясында электровоз теміржол жолының монтерін қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polites.news басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні болған. Шамамен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан электровоз теміржол қызметкерін қағып кеткен. Машинист шұғыл тежегішті қолданғанымен, апаттың алдын ала алмаған.
Оқиға салдарынан 1977 жылы туған, 4-разрядты жол монтері көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол құрал-жабдықтарды күзетіп тұрған. Ер адамның теміржол саласында 28 жылдан астам еңбек еткені, отбасылы екені және үш баласы бар екені белгілі болды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған, бір баласы мүгедектігі бар.
Оқиғадан кейін пойыз шамамен сағат 04:30-да екінші басты жолға шығарылған. Апат салдарынан бірқатар пойыздардың қозғалысы бірнеше минуттан бір жарым сағаттан астам уақытқа дейін кешіккен.
Көліктегі полиция департаменті бұл деректі растады.
3 мамырда Қарағанды-Сортировочная станциясындағы көліктегі полиция басқармасы теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында ауладан пышақталған ер адамның мәйіті табылды.
- Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды 08:27
- Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты 08:08
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36
- Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды 05:24
- АҚШ дрондар импортына 100%-ға дейін тариф енгізеді 04:19