Қарағанды облысында полицейлер пәтер ұрысын ұстады

Қарағанды облысында полицейлер пәтер ұрысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ауданның 42 жастағы тұрғынының үйіне ұрлыққа түскен 32 жастағы күдікті қолға түсті.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, үйге ұрлыққа түсіп, заманауи үлгідегі шаңсорғыш, радиобайланыс құралын және ақша ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 279 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұрланған заттарды тәркілеп, иесіне қайтарды.

Ол заттарды ломбардтардың біріне өткізіп, одан түскен ақшаны өз пайдасына жаратпақ болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы