Қарағанды облысында полицейлер браконьерден заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында полицейлер браконьерден заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпан күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобымен заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. 

Аталған іс-шараны өткізу кезінде сағат 16.00 шамасында полицейлер Балқаш көлінде балық аулап отырған адамды байқан. Ол 48 жастағы Алматы облысының тұрғыны екені белгілі болды. Азаматтан полиция қызметкерлері 100 келіден астам әртүрдегі балық және 600 метр аумен күрек, лом тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі 369 мың теңгені құрады, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы