Қарағанды облысында орман өртеніп жатыр
Төтенше жағдай министрлігі құтқарушылар Қарағанды облысында орман өртімен арпалысып жатқанын хабарлады.
Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орманшылығының ашық аумағында құрғақ шөп мен шағын тоғай өртенген.
Қазіргі уақытта ТЖМ үш әуе кемесі 6 рет әуеден су төккен.
Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 бірлік техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар ТЖМ Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды, – делінген ақпараттық хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы