Қарағанды облысында он шақты ауыл жарықсыз қалды

Қарағанды облысында өрт салдарынан тоғыз ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шет ауданының Қошқарбай ауылында трансформатордан өрт шыққан. Қызыл жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метр жерді құрады.

Нәтижесінде 9 ауылда жарық сөнді: Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Қырғызстанда қар жауды
Өзгелердің жаңалығы