Қарағанды облысында мал ауруы белең алды
Ақтоғай ауданындағы қыстақта ірі қарадан қарасан ауруының таралуына байланысты карантин енгізіліледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ақпарат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Аталған бұйрық 21 сәуірде күшіне енеді.
Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде Нұрислам қыстағының аумағындағы ірі қара малдың арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, - деп жазылған Сарышаған кентінің әкімі А.Тойымбеков жариялаған құжатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда жүргізуші куәлік пен нөмірсіз жүрген жігіт ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы