Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотекаға қаражат бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен млрд теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жеңілдетілген ипотека бес жыл боцы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.

Бастаманы облыс әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп ұсынған болатын. Несие бойынша мөлшерлеме 5% құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.

Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе БЗТ-нен төлейді. Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы