Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аталмыш құжатқа сәйкес бірқатар карантин шектеулері жеңілдетіледі, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №6 қолданыстағы қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы шығарылды, оған сәйкес бірқатар шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды: 

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электр пойыздарының) қозғалысына және жалпы вагондары бар жолаушылар пойыздарының қозғалысына рұқсат етілген;

- «ASHYQ» қосымшасындағы «сары» мәртебе алынып тасталды. 

Еске сала кетейік, нысандар үшін маска режимін сақтау, антисептиктерді пайдалану, тұрақты түрде желдету және әлеуметтік қашықтық сақтау секілді талаптары қалады. 

Қаулы 2022 жылғы 28 ақпан күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы