Қарағанды облысында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Azattyq Ruhyна сілтеме жасап.

Індет анықталған шаруа қожалық карантинге жабылды.

Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық аумағында ірі қараның арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Нөгербековтің шешімінде.

Аталған шешім12 сәуірде күшіне енген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы