Қарағанды облысында "Еңбек" бағдарламасына 43 мыңнан астам адам қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90%-ы тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Батыс Қазақстан облысында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқамерзімді курстар өткізуді көздейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 3 528 адам қамтылған. Қысқамерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Қарағанды облысында микрокредитпен 1 328 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды мемлекеттік бағдарламаның 85 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1 190 адам алды (жастар, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 8 293 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 830-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 452-сі жастар практикасына және 6 011 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы