Қарағанды облысында ең көп кітап оқитын отбасы таңдалды

Қарағанды облысының ең көп оқитын балалары мен ата-аналары Қарқаралы ауданында тұрады – "Оқырман отбасы" байқауының Гран-приіне Шәріп отбасы ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық байқаудың соңғы кезеңінде 15 отбасы екі санат бойынша бақ сынасты – "Театр қойылымы" және "Фотогалерея".

Театр қойылымы" номинациясында отбасыларға 5 минут ішінде А. Байтұрсыновтың шығармасының сахналануын көрсету қажет болды. Костюмдер мен реквизиттер шығарманың мазмұнына сәйкес келуі керек еді. Бейне және музыкалық сүйемелдеу алдын-ала дайындалды. Сөз соңында міндетті түрде өнегелі қорытынды жасау керек болды. "Фотогалерея" номинациясы — шығармашылық тапсырма. Әр жанұя отбасымен және отбасылық оқумен байланысты фотосуреттер дайындады. Фотосуреттердің саны мен форматы, сондай-ақ отбасылық фотогалереяның жалпы формасы мен идеясын қатысушылар өздері анықтады, – деді ұйымдастырушылар.

Комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша номинациялардың жеңімпаздары мен иегерлері анықталды. Мәселен, Гран-приді Қарқаралы ауданының Шәріп отбасы жеңіп алды, ал бірінші орынды Теміртаулық Бақытболат отбасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталды – мысалы, "Өнегелі отбасы", "Позитивті отбасы" және т. б.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Байқау облыстық "Бір отбасы – бір кітап" акциясы аясында өтті. Ол көп кітап оқитын отбасыларды анықтауға, отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғыртуға, жас ұрпақтың бойында отбасылық рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы