Қарағанды облысында дауыс бергендердің пайызы 77,39%

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағанды облысында 777 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 

Аймақтық референдум комиссияларының 5 маусым 20:00-дегі мәліметінше облыста  тіркелген 880 мыңнан астам қатысушының 77,39 %-ы дауыс берген. 

Сайлау учаскелерінде партиялар мен қоғамдық бірлестіктер бақылаушылары дауыс беру процестерін қадағалады. Аймақта таңғы сағат жетіден басталған референдумды «Қоғамдық пікір» институтының өкілдері де бақылап,  сауалнама жүргізді. 

Біздің интервьюерлер арнайы дайындықтан өткен мамандар. Бүгін қызметкерлеріміз сайлау пунктерінің алдында сайлаушылардан бюллетеньге қалай дауыс бергендерін сұрады. Сауалдар қазақ және, орыс тілдерінде жүргізілді. Сайлаушылар қалауынша жауап бермеуге де құқылы болды. Бірақ, сайлаушылардың көп бөлігі сауалнамаларға белсенді қатысты.  Барлық жауап бізде анонимді түрде, құпия сақталады. Exit poll нәтижелері түнгі 00:00-ден кейін жарияланатын болады. Аймақ бойынша ешқандай құқық бұзу болған жоқ. Ал, қатысушылардың белсендігіне келетін болсақ: қалалық жерлерде таңғы уақытта сайлаушылар қарасы көп болса, ауыл-аудандарда көбі сайлауға түстен кейін келді. Бүгін облысымызда күн салқын болды, соған қарамастан жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытқан әріптестеріме алғыс айтамын,- деді «Қоғамдық пікір»зерттеу институының Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Ирина Огнеева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы